$ 443.44  480.51  4.88

Алматы саябағында зейнеткерді өлтіріп кетті

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Алматы саябақтарының бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты. Алматы полициясы бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Адамның өліміне әкеп соқтырған дене жарақаты фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа жағдайлар анықталуда», - деп түсініктеме берді Алматы Полиция департаменті.

Болған оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. 75 жастағы ер адам «саябақта күндізгі уақытта жүгіру кезінде» өлтірілгені туралы хабарланды. Бұл қаланың қай саябағында болғаны туралы ақпарат жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары