$ 443.44  480.51  4.88

Астанада 60-тан астам адам алданып қалды

Қазір полицияға 32 жәбірленуші арызданған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қытайдан келетін тауарларды арзан бағамен ұсынып, астаналықтарды сан соқтырған алаяқ анықталды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысының тұрғыны бір жыл бойы WhatsApp мессенджері арқылы хабарландырулар салып, көтерме бағамен түрлі өнімдерді ұсынып отырған. Ол клиенттерге үйге арналған шағын бұйымдардан бастап мотоциклге дейін жеткізіп беруге уәде еткен.

Сатып алушылар ақшаны дропперлерге аударып, қаражат алаяқтың картасына түсіп тұрған. Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құраған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында әйел өз кінәсін мойындап, бөтен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағанын мойындады.

Болжам бойынша 60-тан астам азамат дәл осындай схеманы қолданып, алданған, бірақ құрбан болғандар одан да көп болуы мүмкін.

Қазір полицияға 32 жәбірленуші арызданған. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары