$ 443.44  480.51  4.88

Imanbek Президент күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады (ВИДЕО)

Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейнеков Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясына арналған бейнебаянның аранжировкасын жасауға қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

Режиссері - Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқаны да нақтыланады.

"Көптен күткен оқиға! ҚР Отан қорғаушылар күніне арналады! Бірінші болып көр! Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясының клипінің тұсаукесері! Толық нұсқасы ҚР МКҚ-нің Youtube хостингіндегі парақшасында жарияланды. Сілтеме осы парақшаның биосында! Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген", делінген бейнебаян сипаттамасында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары