$ 443.44  480.51  4.88

Арқалықта құлаған ұшақта инфаркт алған науқас болған (ВИДЕО)

Айта кетейік, науқас бүгін ауруханаға көлікпен тасымалданған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қостанай облысының жедел жәрдем көлігінің баспасөз қызметі бір күн бұрын аударылып қалған санитарлық авиация бортындағы жолаушылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  Қостанай облысында ұшақ құлады

Ведомство мәліметінше, адам өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, ішінде болған науқастың жағдайы тұрақты.

«Төтенше жағдай орын алған жерге 3 жедел жәрдем бригадасы шықты. Өрт сөндірушілерге ұшақтағы барлық адамдарды эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс айтамыз. Абырой болғанда, борттағылардың барлығы аман. Экипаж, пациент және санитарлық авиация бригадасы тексеру үшін Арқалық облыстық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Санитарлық авиация тобы мүшелерінің ешқайсысы ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Облыс орталығына жеткізіліп, қазір Арқалық дәрігерлерінің бақылауында жатқан науқастың жағдайы бірқалыпты», - деп хабарлады ведомстводан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары